Ирандағы ұшақ апаты: Украина үш бап бойынша тергеуді бастады

None
None
КИЕВ. ҚазАқпарат – Украинаның Қауіпсіздік қызметінің (УҚҚ) Бас тергеу басқармасы «Украинаның халықаралық әуежелілері» тиесілі Boeing 737 лайнерінің Иранда апатқа ұшырауына қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«УҚК Бас прокурор кеңсесінің тапсырмасы бойынша Boeing апатының мән-жайын анықтау үшін Украина Қылмыстық кодексінің 276-бабы 3-бөлігі (әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе эксплуатациясы ережелерін бұзу), 115-бабының 2-бөлігі (қасақана кісі өлтіру) және 194-бабы (мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша тергеуді бастады», - деп хабарлады Қауіпсіздік қызметінен.

Ведомствода тергеудің осы кезеңінде ақпарат жинақтау жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Бас прокуратураның кеңсесі Ирандағы «Украинаның халықаралық әуежелілері» ұшағының құлауына қатысты қылмыстық істің квалификациясын өзгерткен болатын.

Еске салайық, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшқан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болды. Олардың барлығы қаза тапты.

«Украинаның халықаралық әуе желілері» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.





Соңғы жаңалықтар