+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ирандағы Украина ұшағы екі зымыранмен атқыланған - тергеу

2020 жылғы 21 қаңтар 13:24
Бөлісіңіз:
Ирандағы Украина ұшағы екі зымыранмен атқыланған - тергеу

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 8 қаңтарында Тегераннан Украинаға ұшып бара жатып, апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын жақын радиустан «жер-ауа» класының екі зымыраны атып құлатқан, делінген Иран азаматтық авиация ұйымының тергеуі туралы екінші есебінде. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Есепке сәйкес, Tor-M1 зымырандары солтүстік бағыттан Boeing 737-800 тарапына қарай жіберілген.

Есепте ұшақтың Тегераннан 6:12-де ұшып, 8100 фут (2,47 шақырым) биіктікте әуе диспетчерімен байланысты жоғалтқаны айтылған. Ол 06:15-те екінші бақылау радарының экранынан, 06:18 бірінші бақылау радарынан көрінбей қалған. Ұшақ тұрғын үй ауданынан ұшып өтіп, қоғамдық саябақ аумағында жерге құлағаны анықталды.

Бұдан бөлек, ұшақтың қара жәшігі мен борттың өздігінен жазу құралы «әлемдегі ең жетекші құрылғылардың бірі», ал Иранда оның мағынасын ашатын аппаратура жоқ. Француздар мен америкалық агенттіктер Иранға қажетті құрал-жабдықтар беруден бас тартқан.

Еске салайық, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшқан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болған. Олардың барлығы қаза тапты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT