Ирандағы су тасқынынан 56 адам көз жұмды

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Ирандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Су тасқынынан мерт болғандар саны 56 адамға жетті», - деді Иран Қызыл Жарты Ай құтқару және көмек көрсету қызметінің басшысы Мехди Велипур.

Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

«Өкінішке қарай, біздің 18 азаматымыз жоғалғандар тізімінде. Біздің команда су тасқыны болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта 3700 адамды уақытша баспанамен қамтыдық. Біздің команда 2500 адамды құтқарып, оларды қауіпсіз ауданға көшірді», - деді Велипур.


Фото: tr.irna.ir

Соңғы жаңалықтар