Ирандағы шахтада құрбан болғандар саны 35-ке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Гүлстан провинцясындағы көмір шахтасында болған жарылыстың құрбандарының саны 35 адамға жетті. 30-ға жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін 21 адамның мерт болғандығы жөнінде хабар таратылған. Күшті жарылыс сәрсенбі күні Гүлістан провинциясының солтүстік шығысындағы Азадшахр қаласының маңындағы «Заместане Юрт» көмір шахтасында болды.

1,8 мың метр тереңдікте ондаған кеншілер қалып қойды. Оқиға орнында Қарулы Күштердің бөлімшелері мен иісшіл иттері бар кинологтардың көмегімен ауқымды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа нормадан тыс көп пайдаланылған метан қоспасы себеп болған.

Соңғы жаңалықтар