Ирандағы Қазақстан елшілігі қалыпты жұмыс істеп тұр - СІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тегерандағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тек бір ғана жағдай. Егер Тегеранда орналасқан елшіліктерге жаппай шабуыл жасалса, онда жағдай басқаша болар еді. Елшілік қалыпты жұмыс істеп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұл жағдайдан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Әзербайжан Республикасының Тегерандағы Елшілігіне қарулы шабуыл жасалған болатын.

Болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған ҚР Сыртқы істер министрлігі шабуылды қатаң айыптады.

Саяси ведомство Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиғаны мұқият тергеп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар