Ирандағы қандасымыз қазақтардың атажұртқа оралуына басты кедергіні атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасындағы қазақтардың Қазақстанға қоныс аударудағы ең басты мәселесі - өз ұлтын дәлелдей алмауы. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Дүниежүзі қазақтары құрылтайына Иран елінен келген қандасымыз Задсар Көпенин Бокбай айтып берді.

«Құрылтайға қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма ерекше қуаныштымын! Бұл әлемдегі қазақтар бас қосып пікір алмасатын, атажұртымызға оралуға жол ашатын мүмкіндік деп білемін. Иранда 10 мыңнан астам қазақ болатын, соның тең жартысы қазақ еліне қоныс аударды. Қазір 5 мыңның айналасында қандасымыз бар. Олар Горган, Бендер-Түрікмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұрады. Негізінен саудамен, өндіріспен шұғылданады. Қазір мемлекеттік қызметте істейтін жастар да көбейіп келеді», - дейді қандасымыз.

Сонымен бірге ол Ирандағы қазақтардың өз-салт дәстүрін, тілін мүмкіндігінше сақтауға тырысып келе жатқанын айтады.

«Біз тілімізді, мәдениетімізді аталарымыздың қадағалауының арқасында сақтап келдік. Мектепке барғанда парсы тілінде сөйлейміз, үйге келгенде әке-шешелеріміз ұрсып, қазақ тілінде әңгімелесетінбіз. Қазір біз де балаларымызға солай үйретіп жатырмыз. Біздің негізгі ата қонысымз Маңғыстау өңірі екен. Алла бұйырса, осында біржолата көшіп келгіміз келеді. Иран елінен қоныс аударатын қазақтардың ең басты мәселесі - құжат жұмыстары. Өйткені біздің төлқұжатымызда ұлтымыз көрсетілмейді. Бәріміз - тек ирандықпыз. Ал, Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхатын алу үшін қазақ екеніңді дәлелдейтін анықтама керек, оны Иран үкіметінен алудың мүмкіндігі жоқ. Міне осы жағдай Ираннан қоныс аударған қазақтарды үлкен әуре-сарсаңға салып отыр», - дейді Задсар Көпенин Бокбай.

null

Соңғы жаңалықтар