Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Ирандағы әскери базадағы жарылыс: Оқ дауыстары естіліп жатыр

2018 жылғы 6 желтоқсан 14:28 82
Бөлісіңіз:
Ирандағы әскери базадағы жарылыс: Оқ дауыстары естіліп жатыр

ЗАХЕДАН. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан әскери базада жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайдағы тұрғын үйдегі өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты Түркиядағы пойыз апатынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ -Елшілік

Агенттіктің деректеріне қарағанда, жарылыс бейсенбі күні Систан және Белуджистан провинциясындағы Чабахар қаласында орналасқан әскери базаның маңында болған.

«Бүгін таңертең Чабахар әскери базасының жанында жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті», - деп мәлімдеді провинция губернаторының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары Мохаммад Хади Мараши. Оның айтуынша, «бомба автомобильдің ішіне орнатылған».

IRNA агенттігі кем дегенде төрт адам жарылыс құрбаны болғанын хабарлап отыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қалада атылған оқ дауыстары естіліп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT