Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана
  Jańalyqtar  >

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

2023 жылғы 29 қаңтар, 13:51

УРМИЯ. ИРНА – ҚазАқпарат – Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты.

Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Оның тереңдігі – 7 км.

Осыған дейін Ирандағы зілзаладан екі адамның мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: aa.com.tr


Автор:

Балнұр Қожагелді

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар