Иранда жер сілкінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік-шығысында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды trend.az Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмология орталығына сілтеме жасап (EMSC).

Берілген ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сағат 01:52-де (UTC)  тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Минаб қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 192 шақырым жерде орналасқан. Дүмпу ошағы 30 километр тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар