Иранда жер сілкінді: 70-тен астам адам зардап шекті

None
None
ХОЙ. ИРНА - ҚазАқпарат – Иранның солтүстік-батысындағы Хой қаласында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

5,7 магнитудалы жер сілкінісі Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта, Готур ауданына жақын маңда болған. Жерасты дүмпуі UTC уақытымен 05:52-де тіркелді.

Эпицентрі Иранның Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым қашықтықта және Түркияның Озалп қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым қашықтықта орналасқан. Тереңдігі – бес шақырым. Ирандағы зілзаладан 70-тен астам адам зардап шекті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Иранда болған жер сілкінісінен Түркияның Ван провинциясында Түркияның 9 азаматы мерт болып, 37-сі жарақат алды. Тоғыз адам ауыр халде жатыр.


Соңғы жаңалықтар