Иранда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жүлдегер атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Иранның Тегеран қаласында үстел теннисінен «От кубогы-2015» («Fajr cup-2015») үшін өткен халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарыста үндістандықтар чемпион атанса, Венгрия құрамасы күміс жүлдені еншіледі. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында батысқазақстандықтар Гүлшеһра Хусейнова мен Наталья Сладкова өнер көрсетті. Оған қоса жұптасып өнер көрсетуде Г.Хусейнова белоруссиялық Дарья Триголоспен бірге жеңімпаз атанды. Олардың бапкері - С.Назарова.

Соңғы жаңалықтар