Иранда Ұлыбритания елшісін бірнеше сағат ұстап, қайта жіберді

None
None
ТЕГЕРАН. ТАСС - ҚазАқпарат – Иранның құқық қорғау органдары Тегерандағы наразылық шаралары барысында Ұлыбританияның елшісі Роберт Макэйрді бірнеше сағат ұстап, қайта босатты, деп хабарлайды Ресейлік ТАСС агенттігі.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Тегеран Ұлыбритания елшісі Роберт Макэйрді ұстай отырып, халықаралық құқық нормаларын бұзды, сол үшін Иран билігі Лондоннан кешірім сұрауы керек деген пікірде, деп жазды ресейлік ТАСС.

«Иран режимі осы елдегі Ұлыбритания елшісін ұстады. Бұл Вена конвенциясының талаптарын бұзу деген сөз. Біз режимнің ресми түрде Ұлыбритания алдында кешірім сұрап, барлық дипломаттардың құқықтарын сақтауға шақырамыз»,-деп жазды сенбі күні өзінің Twitter-дегі парақшасында АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Морган Ортэгус.

Тегеранда сенбі күні Әмір Қабір атындағы Технологиялық университет ғимараты алдында жүздеген демонстрант жиналып, Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Хаменейдің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды bbc.com.

Иран әскерилерінің сәрсенбі күні украиналық ұшақтың қателесіп атып түсіргеніне ашуланған демонстранттар «Бас қолбасшы кет!»-деп айқайлады.

Ұшақта болған 176 адамның барлығы мерт болды. Олардың арасында 83 Иран азаматы және Иранда тұратын канадалықтар болған. Олардың барлығы көз жұмды.

Сонымен қатар елдегі танымал жоғары оқу орындарының бірі Шариф атындағы Технологиялық университет ғимаратының алдында да наразылық шаралары өтіп жатқандығы туралы мәлімет түскен. Кейбір деректерге қарағанда, Тегеран мағына құлаған ұшақта мерт болғандардың арасында осы оқу орнын бітірген 10 адам болған.

Тегеранның екі университетінде болып жатқан жағдайлар туралы IRNA мен ISNA агенттіктері хабарлады.

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы мәлім болды.

Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды.

Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады.

Ал кеше Иран Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеді.

Иран Президенті Хасан Роухани Украина ұшағының құлауына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты.





Соңғы жаңалықтар