Иранда Тегерандағы шабуылға қатысы бар сегіз күдікті ұсталды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран құқық қорғау органдары Тегерандағы екі лаңкестік әрекетке қатысы бар деп күдікпен сегіз адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Press TV арнасы.

Олардың жетеуі елдің солтүстігіндегі Альборз провинциясының Фардис қаласынан табылған, тағы біреуін Кередж қаласының полициялары ұстады.  Жұма күні Иранда шабуылға қатысы бар деп күдікпен 41 адам қамауға алынды. Тінту барысында құқық қорғау органдары ұсталғандардың үйлерінен көп жарылғыш заттар, қару-жарақ және бомба әзірлеуге арналған материалдарды тапты. Жергілікті билік мәліметінше, ұсталғандардың барлығы экстремистік ұйымдарға астыртын қызмет еткен.

Террористік шабуыл 7 маусымда, сәрсенбі күні Иран астанасында болды.  Лаңкестер парламент ғимараты және Аятолла Хомейни кесенесіне шабуыл жасаған.  

Соңғы жаңалықтар