Иранда сирек кездесетін ақ арыстан абданы дүниеге келді

None
ТЕГЕРАН. IRNA-ҚазАқпарат – Альборз провинциясының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Маджид Дарги Карадж қаласындағы қорғалатын саябақта дүниеге келген африкалық ақ абданның толықтай сау екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасап.

Бұл – Ден деген арыстанның алғашқы аланы. Оның аты Сана деп қойылды.

Шенеуніктің айтуынша, екі ақ арыстан үш жыл бұрын Оңтүстік Африкадан Альборз провинциясына әкелінген.

Жаңа туған абданның жағдайы жақсы, бірақ енесі күтпеген жерден күшігін емізуден бас тартқан. Қазіргі уақытта оны саябақтағы тәжірибелі ветеринарлар тамақтандырып жатыр.


Фото: ru.irna.ir
Соңғы жаңалықтар