Иранда шеруге шыққандарды қолдаған актриса қамауға алынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иран билігі елдің ең танымал актрисаларының бірі Таране Алидустиді қамауға алды. Оған елді шарпыған жалпыұлттық наразылықтар туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оскар сыйлығын алған «Коммивояжер» фильмінің жұлдызы оның Instagram-да үкіметке қарсы шыққан демонстранттың өлім жазасына кесілгенін айыптаған жазбасын жариялағаннан бірнеше күн өткен соң ұсталды. Актриса қараша айында әлеуметтік желіде наразылық білдірушілермен хиджабын шешіп түскен суретін жариялады.
Иранда наразылық шаралары хиджабты қате кигені үшін қамауға алынған Махса Амини қайтыс болғаннан кейін, қыркүйекте басталды. Көп ұзамай акциялар бүкіл елге тарады.Құқық қорғаушылардың мәліметінше, шеруді басып-жаншу кезінде қауіпсіздік күштері кем дегенде 495 шерушіні өлтірген. 18 мыңнан астамы қамауға алынып, 11-і өлім жазасына кесілді.
Соңғы жаңалықтар