Иранда парламент сайлауы басталды

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат - Иранда бүгін, жұмада 11-ші парламент сайлауы басталды, деп хабарлайды ИРНА.

290 депутаттың орнына 7 мыңнан астам адам бақ сынайды. Сайлау Иранның 208 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

Бұдан бұрын Иранның сайлау өткізу штабының басшысы Джамаль Орф 83 млн Иран азаматының арасында тек 57 млн 918 мың адамның дауыс беру құқығына ие екенін мәлім еткен болатын. 2 млн 931 адам алғаш рет сайлауға қатысуы мүмкін.

Иран Конституциясына сәйкес, 18 жастан асқан сайлаушылар ғана дауыс бере алады.

Парламент депутаттары 4 жылға сайланады. Иранның жаңа парламенті өз жұмысын 2020 жылдың мамыр айының соңында бастайды.


Соңғы жаңалықтар