+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Иранда Наурыз мейрамында кеңселер 9 күнге жабылады - Мырзатай Жолдасбеков

2020 жылғы 28 ақпан 14:25
Бөлісіңіз:
Иранда Наурыз мейрамында кеңселер 9 күнге жабылады - Мырзатай Жолдасбеков

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда Наурыз мейрамында елдегі кеңсе атаулы 9 күнге жабылып, бәрі бала-шағасын алып, туған жеріне кетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Иранда елші болғанмын. Сол кезде Наурыз мейрамы кезінде елдегі кеңсе атаулы 9 күнге жабылып, ешбір адам шетелге шықпай, бәрі бала-шағасын алып, туған жеріне кететін. Атқонысына барып, туған-туыстарымен көрісетін», - дейді Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, Наурыз мейрамын мерекелеу туралы жаңа тұжырымдама көңілінен шыққан.

«19 наурыз «Зияткерлік күні» деп белгіленіпті. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жырлар мен эпостардан үзінділер оқу жыл бойы жалғасын табуы керек деп ойлаймын. Қазіргі уақытта ұлттық тағамдар ұмытыла бастады, оның осы тұжырымдамаға кіргені мені қуантып отыр», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT