Иранда мұнай министрінің орынбасары қызметіне алғаш рет әйел адам тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Мұнай министрі Биджан Зангане алғаш рет өзінің орынбасары және Ирандағы National Petrochemical Company (NPC) мұнай-газ компаниясының басқарушы директоры қызметіне әйел адамды тағайындады, деп хабарлайды Shana агенттігіне сілтемемен РИА Новости.

Бұл қызметке алғаш рет әйел - Марзие Шахдаэй (Marziyeh Shahdaei) тағайындалған. Бұған дейін ол NPC компаниясында жобалар жөніндегі директор қызметін атқарған.

Оның тағайындалуы туралы хатта министр бұл шешімді санкциялардан кейінгі жаңарту бағыты, технологияларды жаңғырту, шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты өсіру деп түсіндірді.

16 қаңтарда Иран елге салынған санкциялардың көбінен құтылды - бұл күні МАГАТЭ баяндама ұсынып, ел билігінің ол үшін ұзақ келіссөздер жолымен құрылған ядролық әлеуетті айтарлықтай төмендету бойынша бағдарламасы іске асыру дайындығын растады. Бұдан кейін ЕО пен АҚШ Ираннан оның ядролық бағдарламасымен байланысты экономикалық және қаржылық санкцияларды алғанын растады.

Соңғы жаңалықтар