Иранда құлаған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ – ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

«Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, Украина әуе компаниясының құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр»,-деді Айбек Смадияров.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағандығын хабарлаған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар