+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Иранда коронавирустан екі адам ажал құшты

2020 жылғы 20 ақпан 08:33
Бөлісіңіз:
Иранда коронавирустан екі адам ажал құшты

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат — Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл туралы ИИР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Киануш Джаханпур мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бір той жасаймын деп қаншама адамның обалына қалмасына кім кепіл - Бақыт Смағұл Вирус жоқ деп, опық жеп қалмаңыз - Ұлытау ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысы тұрғындарына үндеу жолдады

«Өкінішке қарай, коронавирус анықталған егде жастағы екі адам жан тапсырды» деп хабарлады Джаханпур.

Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі екі адамның коронавирус жұқтырғанын растаған болатын.

Бұл ақпаратты ирандық үкімет өкілі Алии Рабии де растады.

«Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі мекеме мамандарының баяндамасына сүйене отырып, Кумда коронавирус жұқтырды деген күдігі бар екі адамның сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті», - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Бұл Ирандағы алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғалары.

Екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.

19 ақпан күнгі соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны екі мың адамнан асты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT