Иранда коронавирустан 8 адам қайтыс болды

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА – ҚазАқпарат – Иранда жаңа типті коронавирустан (Сovid-19) қаза тапқан адамдар саны 8-ге жетті. Бұл туралы ИИР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтемемен.

Оның айтуынша, 23 ақпандағы жағдай бойынша дертті жұқтырғандар саны 43 адамды құрап отыр.

«Жаңа 15 адам ауру жұқтырды. Оның жетеуі Кум, төртеуі Тегеран, екеуі Гилян, біреуі Маркази провинциясында және тағы бір адам Тонкабонда вирусты жұқтырған», - деп хабарлайды Джаханпур.

Айта кетейік, коронавирус дерті 2019 жылғы желтоқсан айында Қытайдың адамдар ең тығыз орналасқан Ухань қаласында тарады. Бұл қалада 12 млн тұрғын бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны халықаралық масштабтағы жағдай деп бағалады.

Қытайдан тыс 27 мемлекетте адамдар коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде иран да бар.

Осы күнге дейін әлемде бұл індеттен 2463 адам ажал құшты, ал 78 000 адам коронавирусты жұқтырған.

Соңғы жаңалықтар