Иранда коронавирустан 1685 адам көз жұмды

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 21638 адамға жетті, 1685 адам мерт болды. Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлім еттті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 1028 жаңа жағдайы анықталды. Ал Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 21638, көз жұмғандар саны 1685 адамға жетті», - деді баспасөз мәслихатында министрлік өкілі.

Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың 7913-і сауығып шыққан.


Соңғы жаңалықтар