Иранда коронавирус құрбандарының саны 54-ке жетті

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Иранда 54 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте тағы 385 адам аталмыш вирусты жұқтырып үлгерген. Бұл жөнінде жексенбі күні Иран Ислам республикасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді.

Оның айтуынша, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны - 978. Оның ішінде жүзден астам адам аурудан жазылған, 54 адам өмірден озған.

«Жаңа жағдайлардың көпшілігі, яғни 170-і Тегеранда тіркеліп отыр. Кумда – 30, Гилянда – 28, Исфаханда – 13, Маркази провинциясында – 14, Мазендеранда – 11, Оңтүстік Хорасанда – 2, Иламда – 1, Фарс провинциясында – 8, Хорасан Разавиде – 17, Керманшахта - 2, Лорестанда - 8, Хормозганда - 2, Хамаданда - 3, Альборзда – 31, Семнанда – 3, Керманда - 2, Күрдістанда – 5, Хузестанда – 9, Систан және Белуджистан провинциясында – бір жағдай болды. Оның ішінде 11 адам қайтыс болды», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, кеше министрліктің өкілі Иранда 43 адамның коронавирустан қаза тапқанын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар