+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Иранда корнавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жуықтады

2020 жылғы 27 ақпан 17:47
Бөлісіңіз:
Иранда корнавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жуықтады

ТЕГРАН. ИРНА - ҚазАқпарат –Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 26 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпурдың айтуынша, елде індет жұқтырғандар саны 245 жеткен.

«Коронавирус жұқтырған жаңа оқиғалардың 38-і Тегеранда, 23-і Гилянда, 7-і Кумада, 1-і Хамаданда, 8-і Исфаханда, 7-і Мазандаранда, 58-і Ардебилде, 3-і Альборзеде, 1-і Хоросан Разавиде, 3-і Семнанда, 2-і Керманшахта, 3-і Лорестанда, 1-і Күрдістанда, 1-і Йезде, 1-і Батыс Әзербайжанджа және 2-і Шығыс Әзербайжанда тіркелді», - деді шенеунік.

Коронавирустың жаңа түрі (2019-nCoV) 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Орталық Қытайдың халық тығыз орналасқан, яғни 12 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны халықаралық дәрежедегі төтенше жағдай деп жариялап, ауқымды эпидемия деп сипаттады.

ҚХР бөлек, вирус 27 елде анықталған, оның ішінде Иран да бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT