+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Иранда «Қорқыт ата» кітабының жаңа нұсқасы табылды

2019 жылғы 23 қыркүйек 21:03
Бөлісіңіз:
Иранда «Қорқыт ата» кітабының жаңа нұсқасы табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қорқыт ата» кітабының жаңа жазбасы Иран жерінен табылды.

Ұқсас жаңалықтар
Колумбия университетінің кітапханасында британдық барлаушының қазақтар жайында кітабы сақталған Қазақстан Иранмен бірлескен сауда-экономикалық жобаларды жүзеге асырады Мұқабасы әдемі, ішінде іліп алар дүниесі жоқ кітаптар көбейіп кетті - Сэдоогийн Хадаа

Бұл жөнінде Сыр өңірінеде өткен түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестиваліне келген ирандық коллекционер Вели Мухаммед Ходжа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін дархан даланың ұлылығын дәріптеген жауһар жырдың екі нұсқасы бізге белгілі. «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден және Ватикан қалаларында сақталған екі қолжазбасы бар. Бірінші нұсқада 12, екіншісінде 6 дастан жазылғаны бұрыннан мәлім. Ендеше, ирандық ғалым ұсынып отырған тағы бір нұсқа сол құнды қазынамыздың молаюына сүбелі үлесін қосатыны анық.

Вели Мухаммед Ходжа ұзақ жылдан бері құнды жәдігерлер жинаумен айналысып келеді. Осындай ізгіліктің істің нәтижесінде оның қолына қадым заманның қилы-қилы бейнесін қаз-қалпында жеткізетін жауһар жырдың жаңа нұсқасы түскен.

Ирандық коллекционер бұл қолжазбаны кездейсоқ қолына түсірген. Иран астанасы - Тегеран шаһарындағы кітап дүкеніне бас сұғады. Сол маңда оған онда бір адам ақ матаға оралған кітапты сататынын айтады. Ол дүниенің қолжазба кітап екенін аңғарған Вели Мухаммед Ходжа сатып алады. Кейіннен оны түркиялық ғалымдарға оқытты. «Құнды дүние «Қорқыт ата кітабының» тағы бір нұсқасы екені анықталды. Мұндай тұжырымды АҚШ еліндегі ғалымдар да жасады. Содан кейін елге жария еттім. Қолжазбаның көшірме нұсқасын Сыр өңіріне алып келуге шешім қабылдадым», - деді Вели Мухаммед Ходжа.

Бұдан бұрын әдебиеттану PhD докторы Бекарыс Нұриман «Қорқыт ата» кітабының тағы бір эпосы табылғанын жеткізген еді. Бұл жағымды жаңалықты Түркияның Байбұрт қаласында өткен халықаралық симпозиумда профессор Метин Екижи баяндамасында баяндап берген.

Бекарыс Нұриманның айтуынша, ирандық коллекционер айтқан нұсқа түрік ғалымдары тарапынан мақұлданған. Ол «Қорқыт ата» кітабының үшінші нұсқасы болып саналады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT