Иранда «Эвин» түрмесінде болған өрттен 8 адам қаза тапты

None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Саяси тұтқындар жатқан Тегеранның «Эвин» түрмесінде өрт шығып, сегіз адам қаза тапты. 60 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, сенбі күні кешкісін түрменің тігін цехында тәртіпсіздік салдарынан өрт тұтанған.

Барлық қаза тапқандар ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода «Диктатор өлуі керек!» деп айқайлаған дауыстар, оқ атылғаны және жарылыс көрініс тапқан.

Associated Press ақпарат агенттігі жексенбіде Planet Labs PBC компаниясы түсірген спутник суреттерін таратты.

Ондағы фотосуреттерден «Эвин» түрмесінің солтүстік бөлігінің кешеніне кіретін үлкен ғимараттың төбесі өртеніп кеткені байқалады.

Иран билігі бұл оқиғаның антиүкіметтік наразылықтарға қатысы жоқ деп отыр.

Еуроодақ Иранның 11 жеке және 4 заңды тұлғасына қарсы санкция салды.


Видеодан алынған кадр/ euronews.com


Соңғы жаңалықтар