Иранда болған теракт құрбандарының саны 24-ке жетті

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның Ахваз қаласында әскери шеру кезінде болған терактіден құрбан болғандардың саны 24 адамға жетті және олардың саны әлі өсуі мүмкін. Себебі жарақат алғандардың көпшілігінің жағдайы мүшкіл, деп хабарлайды IRNA агенттігі. 

Дереккөздің хабарлауынша, зардап шеккен 53 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.
24 адамды құрбан еткен Ахваздағы теракт үшін жауапкершілікті «Аль-Ахваз» сепаратистік тобы мойындарына алды.

Сенбі күні Иранның Ахваз қаласында белгісіз адамдар бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Хузестан провинциясының губернаторының хабарлауынша, шабуыл жасағандар төртеу. Олардың екеуін атып тастаған, тағы екеуі қолға түскен.

Әскери парад бүгін Иранның көптеген қалаларында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар