Иранда ауаның ластану деңгейі шектеулі нормадан 37 есе асып кеткен

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстігіндегі Систан-Белуджистан провинциясының Забул қаласында ауаның ластану деңгейі шектеулі нормасынан 37 есе асып кеткен, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Mehr News Иран ақпараттық агенттігіне Забулдың метеорологиялық қызметінің басшысы Хусейин Ибади мәлім еткендей, ауаның ластану деңгейінің өсімі жылдамдығы сағатына 115 шақырымға жететін қатты желмен байланысты болып шықты.

Ибади атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануының шекті деңгейі бір текше метр үшін 150 микрограмнан аспауы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Оның айтуынша, Забул әуежайындағы көру деңгейі 500 метрден  кем болып отыр.

Соңғы жаңалықтар