Иранда 8 лаңкеске өлім жазасы орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда ДАИШ лаңкестік тобының (Қазақстанда және өзге де бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған) 8 мүшесіне қатысты өлім жазасы іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

11 маусым күні Жоғарғы сот ДАИШ лаңкестеріне қатысты аса ауыр жазаны растаған болатын. Жеті сот отырысынан кейін 8 лаңкес өлім жазасына кесілді.  

Айта кетсек, олар 2017 жылдың 7 маусымы күні Тегеранда парламент ғимаратына және Хомейни мазарына шабуыл жасады. Салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 43-і жарақаттанды. 

Соңғы жаңалықтар