+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды

2021 жылғы 14 қазан 11:11
Бөлісіңіз:
Иранда 46,8 млн адам коронавирус вакцинасының бірінші дозасын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иранда халықтың 46,8 миллионнан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын қабылдады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 пайызға төмендеді Алматы «сары» аймаққа өтті дегенмен босаңсуға әлі ерте - дәрігер Алматыда коронавирус жұқтырған 119 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде COVID-12 жұқтырудың 12 298 жаңа жағдайы анықталды, 1 699 адам ауруханаға жатқызылды. Коронавирус инфекциясы пандемиясынан қайтыс болғандар саны 123 275-ке жетті. Өткен тәулікте 194 науқас қайтыс болды. Шенеуніктер COVID-19 жұқтырған 5 026 пациент интенсивті терапия бөлімшелерінде ауыр халде жатқанын айтады. Қазіргі уақытта 46 809 100 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған.

АҚШ-та тұрғындардың 77% коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған. Көптеген компаниялар вакцинация мандатын қабылдағаннан кейін COVID-19-ға қарсы вакцинация деңгейі 20% астамға өсті. Сонымен бірге, індетті жаңадан жұқтыру фактілері мен өлім-жітім азайды, деп хабарлады Ақүйдің пандемияға қарсы үйлестірушісі Джефф Зайенц. Екпе мандаттарын жеке кәсіпорындар, денсаулық сақтау жүйелері, әлеуметтік мекемелер, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары енгізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT