Иранда 3 алтын еншілеген 12 жасар қыз елдің үздік жүзушісі атанды

None
None
ШИРАЗ. ИРНА- ҚазАқпарат – Жүзуден балалар арасында Иран чемпионы Виста Форузеш спортта да, ғылымда да елінің мақтанышы болуы үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Ол 2009 жылы Иранның оңтүстігінедегі Шираз қаласында дүниеге келген. Ерекше дарындарды дамытуға арналған арнайы мектепте оқиды.

Мен өз қатарластарыма кез келген мақсатқа жетуге болатынын көрсеткім келеді, - деді Форузеш ИРНА-ға берген сұхбатында.

Фарс провинциясының командасы қараша айында Тегеранда өткен жүзуден ұлттық чемпионатта 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Форузеш 3 алтын мен 1 күмісті жеңіп, елдің ең үздік жүзушісі болды.


Соңғы жаңалықтар