ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Украиналық әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасап.
Украина халықаралық әуе желілерінің ұшағы Тегераннан Киевке ұшып бара жатқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Мойтаб Халедидің айтуынша, бортта 180 жолаушы болған.
Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.