+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Иранда 18 маусым күні президент сайлауы өтеді

2021 жылғы 9 мамыр 20:38
Бөлісіңіз:
Иранда 18 маусым күні президент сайлауы өтеді

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат - Иранда президент сайлауына қатысатын кандидаттарды тіркеу 11 мамырда басталады. Бұл шара 4 күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру басталды Ирандағы президент сайлауында 111 жастағы кейуана дауыс берді Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард сом жұмсалады – Орталық сайлау комиссиясы

Биліктің үш тармағы басшыларының орынбасарлары, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің және саяси қонымдылықты анықтау кеңесінің мүшелері, Кумадағы рухани семинария орталығының басшысы, мемлекеттік ұйымдардың, институттар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың директорлары, әскери жоғары қолбасшылар, Азад университетінің ректоры, губернаторлар мен халқының саны 2 миллионнан асатын қала мэрлері Иран президенті атану үшін бақ сынай алады.

Таяуда президенттің жасына қатысты шектеу жарияланды. Сайлауға қатысатын үміткерлердің жасы 40-тан кіші болмауы және 75-тен аспауы шарт.

Иран конституциясын қорғау кеңесі атынан сайлауға түсетін кандидаттардың есімі 26-27 мамырда белгілі болады.

28 мамырдан бастап үміткерлер сайлауалды үгіт науқанын бастайды. Ол 16 маусымға дейін созылады. 17 мамырда үгіт сап тыйылып, тыныштық күні болады.

Ислам республикасының заңына сәйкес тіркелген үміткерлерді Иран конституциясын қорғау кеңесі мақұлдауы тиіс. Тізімге ену үшін өтініш 15 мамырға дейін қабылданады.

Сайлау 18 маусым күні өтеді деп белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT