Иран украиналық ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына 150 мың доллардан төлейді

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Бүгін Иранның министрлер кабинеті 2020 жылғы қаңтарда Тегеран маңында атып түсірілген «Украина халықаралық әуе желілері» ұшақ апатынан қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына өтемақы үшін 150 мың доллар немесе оның еуро түріндегі баламасын төлеуді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иранның Министрлер кабинеті сәрсенбі күні Жол және қалалық даму министрлігіне зардап шеккендер отбасына мүмкіндігінше тезірек тиісті агенттіктермен бірлесе отырып, ұлты, азаматтығы және жынысы бойынша еш кемсітусіз және құрбан болған азаматтар елдерінің заңдарына сәйкес 150 мың АҚШ долларын немесе соған балама соманы төлеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, биылғы 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болды. Оның барлығы қаза тапты.

Ұшақ апатына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы - «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.

Иран азаматтары апат салдарынан қайтыс болған азаматтардың елдерімен бірнеше отырыс өткізді. Келіссөз нәтижесінде тараптар зардап шеккендердің отбасына өтемақы төлеу туралы келісті.

Сондай-ақ, Иран мүдделі елдерге «Украина халықаралық әуе желілері» ұшағы апатының себептерін зерттеу нәтижесі бойынша техникалық есеп жобасын тапсырды.



Соңғы жаңалықтар