+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Иран Тегеран түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың мүрдесін Украинаға беруге дайын

2020 жылғы 17 қаңтар 10:55
Бөлісіңіз:
Иран Тегеран түбінде ұшақ апатынан қаза тапқандардың мүрдесін Украинаға беруге дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украина ІІМ сарапшылары Иранда «Украина халықаралық әуе желісі» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан барлық 11 азаматының ДНК-профилін алды. Мүрделелерді Украинаға беруге дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тегеранда жүрген ІІМ сарапшылары бүгін Украинаның қаза тапқан барлық 11 азаматы сүйегінен ДНК-профиль алды. Мұнан ары Украинаға беруге дайындық жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Укринформ Украина Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қаза тапқан 11 адамның мүрдесін 2020 жылдың 19 қаңтарына дейін беру жоспарланып отыр.

Украина Ішкі істер министрлігінің 2 сарапшы-генетигі қаза тапқандарды сәйкестендіру аяқталғанға дейін Тегеранда қалады.

Бұған дейін Украинаның Ұлттық полициясының тергеушілері ел Ішкі істер министрлігі сарапшыларының қатысуымен Тегерандағы ұшақ апатынан қаза тапқан украиндықтардың туыстарынан ДНК үлгісін жинаған болатын.

Ал ИРНА агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Украина Сыртқы істер министрі Вадим Пристайкомен телефон арқылы сөйлесу барысында Тегеранның Киевке украиндық Boeing-737-800 әуе кемесінің апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың мүрдесін беруге дайын екендігін айтқан. Сонымен қатар ол қара жәшіктегі жазбалардың мән-жайын ашуға украиналық мамандықтарды тартуға дайын екендіктерін білдірген.

Еске салайық , сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшқан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болды. Олардың барлығы қаза тапты.

«Украинаның халықаралық әуе желілері» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT