Иран Президенті жұмысқа метромен барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні жұмысқа метромен барды, деп хабарлайды Иранның «Fars» ақпараттық агенттігінен. Бұл туралы trend.az сайты жазды.

Метроның «Азади» стансасынан «Имам Әли» стансасына дейін жеткен Рухани жол бойы жолаушылармен сөйлесіп, олардың проблемаларын тыңдап шықты.

19 қаңтар күні Иранда «Таза ауа» күні атап өтіледі, осыған байланысты Хасан Рухани метромен экологиялық таза қоғамдық көлік түрлерінің бірі ретінде қолданған.

Президентпен бірге Экология және қоршаған орта бойынша ұйымның төрайымы Масума Ибтикар жүрді.

Сонымен қатар, бұл күні қоғамдық көліктерге Иранның басқа ресми тұлғалары мінді.

Соңғы жаңалықтар