Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад мінген тікұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Иранның солтүстігінде ел президенті Махмуд Ахмадинежад отырған тікұшақ құлады, деп хабарлады Mehr жергілікті жаңалықтар агенттігі.

«Ахмадинежад пен оның жанында болған үкіметтік шенеуніктер мінген тікұшақ Иранның солтүстігінде апатқа ұшырады», - делінген хабарламада.

Агенттіктің мәлімдеуінше, оқиға салдарынан президент зардап шекпеген, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Махмуд Ахмадинежад Ирандағы ең ұзын туннельді ашу үшін Мазендеран провинциясына бара жатқан болатын. Агенттіктің хабарлауынша, туннельді ашу салтанаты өз уақытында өтті, президент Тегеранға қайтар жолда машинаға мінген.

Соңғы жаңалықтар