Иран Парсы шығанағында контрабандалық жағармай тасымалдаған кемені ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иранның шекарашылары Біріккен Араб Әмірліктеріне бара жатқан кемені контрабандалық жанар-жағармай тасымалдады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Парсы шығанағында ұсталған кеме Иранның оңтүстігінде орналасқан Хормозган провинциясына бара жатқан. Кеме бортында 250 мың литр контрабандалық жанар-жағармай болған.

Кеме Үлкен Танб аралынан ондаған шақырым жерде ұсталды. Бортындағы 11 адамнан құралған команда тұтқындалып, сот органдарына тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар