Иран Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі кемеге қатысты оқиғаны күдікті деп атады

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Саид Хатибзаде Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі кемелердің қауіпсіздігі туралы жаңалықты өте күдікті деп танып, арнайы саяси мүдделер үшін жалған атмосфера құрылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сол уақытта Саид Хатибзаде, ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парсы шығанағы мен Оман теңізіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату және қолдау бойынша Иран Ислам Республикасының саясатын растады.

«Иран Әскери-теңіз күштері қажет болған жағдайда аймақтағы транзиттік кемелерге көмек көрсету арқылы әскери-теңіз қызметтерін ұсынуға дайын», - деді ол.

Хатибзаде сондай-ақ: «Сауда кемелерінің навигациялық жүйелерінде проблемалар туындаған жағдайда Иран Ислам Республикасы көмек көрсетуге және бұл мәселені мұқият зерделеуге дайын», - деп мәлімдеді.

Бұған дейін Британдық ақпарат көздері Иран әскери күштерінің немесе олардың қол астындағылардың Asphalt Princess танкерін басып алуы мүмкін деп болжаған, деп хабарлайды Reuters .

Бұған дейін Британдық теңіз көлігі агенттігі БАӘ-нің Эль-Фуджайра әмірлігінің жағалауына жақын жерде «мүмкін болатын ұрлық» туралы хабарлаған болатын.

The Times газетінің қорғаныс жөніндегі редакторы өзінің Twitter-дегі парақшасында Британдық ақпарат көздерінің Asphalt Princess танкерін басып алуы мүмкін екенін хабарлағаны туралы жазды. Олар Иран әскери күштері немесе олардың қол астындағыларды кемеге көтерілді деп болжайды.


Соңғы жаңалықтар