+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Иран өз тарихында тұңғыш рет қазақ күресінен жүлдегер атанды

2019 жылғы 16 желтоқсан 09:41
Бөлісіңіз:
Иран өз тарихында тұңғыш рет қазақ күресінен жүлдегер атанды

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иран өз тарихында тұңғыш рет қазақ күресінен медаль жеңіп алды. Иран Ислам Республикасының ИРНА ресми ақпарат агенттігінде осындай материал жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ирандық спортшы Яздан-панах жартылай финалда қазақстандық қарсыласына есе жіберіп, қола медаль жеңіп алды. Осылайша ол Иран тарихында бірінші болып қазақ күресінен жүлдегер атанды.

15 желтоқсанда Қазақстанда қазақ күресінен әлем чемпионаты басталған болатын. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатына 40-тан аса елдің спортшылары қатысуда. Олардың қатарында Украина, Грузия, Аустрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және басқалар бар.

Qazaq Kuresi — спорттың ең ежелгі түрлерінің бірі. Ол бүгінде тек Қазақстан ғана емес, басқа да елдерде танымал. 2016 жылы UNESCO қазақ күресін адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының қатарына енгізді», - деп жазады ИРНА.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе қаласында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды. Жексенбі - жарыстың бірінші күнінде 55, 60, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Ақтық сынға қазақстандық үш балуан шықты. Олардың қатарында Дәулет Ниетбай (55 келі), Нұрым Сәлімгереев (100 келі) және Руслан Әбдіразақов (100 келіден жоғары) бар. Үш спортшымыз да «алтыннан» алқа тақты.

Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды. Жарыстың бас төрешісі - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, PhD доктор Ербол Мырзабосынов.

Qazaq Kuresi халықаралық федерациясы спортшыларды алтын, күміс, қола медальдан бөлек, үздік техника, әдемі лақтыру және 2019 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жету ниеті үшін де марапаттайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT