Иран КВИ-ге қарсы Нора вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иранда коронавирусқа қарсы «Нора» вакцинасы сынақтарының үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иранның ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Нора вакцинасының үшінші клиникалық кезеңі жексенбіде генерал Хосейн Салами мен Бахрам Ейноллахидің және денсаулық сақтау, медициналық білім министрлігінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен басталды.

Бұл шарада Хосейн Саламиге ковидке қарсы екпенің үшінші дозасы салынды.

Нора вакцинасы өзінің клиникалық кезеңдерінде 90% тиімділікпен ковид вакцинасын енгізудің үшінші кезеңінде қолдануға болатындығын дәлелдеді, дейді шенеуніктер.


Соңғы жаңалықтар