Иран Қазақстанмен визасыз режимді енгізуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстанмен визасыз режимді енгізуге дайын. Бұл туралы жұма күні Trend-ке Иранның Қазақстандағы Елшісі Моджтаба Дамирчилу хабарлады.

«Иранның бірқатар көршілес елдермен визасыз режимі бар. Біз екі ел (Иран мен Қазақстан) азаматтарының шекара арқылы қозғалысын жеңілдету үшін визасыз режимді енгізу мәселесін қарастыра аламыз», - деді Моджтаба Дамирчилу.

Оның айтуынша, әзірше визасыз режимді жеңілдету және ирандық инвесторлар үшін қазақстандық визаны алу мерзімдерін қысқарту мәселесі талқылануда.

«Мысалы, Қазақстанға келу ниетін білдірген Иран кәсіпкерінің қазақстандық визаны алу үшін бір айдай уақыты кетеді. Бизнес үшін уақыт ақша екені белгілі. Және осындай мерзімді, әрине, қысқартқымыз келеді», - деді Иран дипломаты.

Оның айтуынша, визалық режимді жеңілдету - екі ел арасындағы тауар айналымының өсіру және ынтымақтастықты жандандыру жолдарының бірі ғана.

Иран Елшісі Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы арқылы тұрақты тасымалдаулардың ашылуы тауарайналымының өсуіне сепгіні тигізетінін еске салды.

«Мысалы, Иранның біз жыл бойы өсіретін көкөністер мен жемістер, гүлдерді Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл үшін бізде тоңазытқыш камераларымен жабдықталған вагондар бар. Алайда бұл тауарлардың жеткізілімін ретке келтіру үшін бізге ветеринарлық нормалар, сертификаттарға қатысты құжаттарды келісу қажет. Бір сөзбен айтқанда, барлығы үйлесімді болуы тиіс», - деді Елші.

Оның айтуынша, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 510 миллион долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар