Иран Қазақстандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Алматыдағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ирна агенттігіне сілтеме жасап.

Ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілтестік білдірді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар