Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

None
None
ТЕГРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Кешеден бері қызуым көтерілді, алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті», -деп мәлімдеді Харирчи сейсенбі күні. Ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар