Иран аумағында Ирак кемесін қарақшылар басып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ирактың жеке азаматына тиесілі кемені Иран аумағындағы суда белгісіз адамдар басып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Mavasin News жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Қарақшылар кемені босатқаны үшін 80 мың доллар көлемінде төлем талап етуде. Кеме иесінің айтуынша, оның Иран жағалауында, Бушер портынан солтүстікке қарай шамамен жеті миль қашықтықта тоқтағаны туралы ақпарат бар. Буксир мен оның экипажы қазір қайда екені белгісіз.

Басра провинциясының депутаты Казем Хамами бұл оқиға туралы Бахрейндегі теңіздегі Төтенше жағдайлар кезіндегі өзара көмек орталығына, сондай-ақ Ирактың «көрші елдермен екіжақты қарым-қатынас» үшін жауапты тиісті мемлекеттік органдарына хабарлауға уәде берді.


Соңғы жаңалықтар