Иран әскери-теңіз флотында болған апаттан 19 әскери қызметші қаза тапты

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстігіндегі оқу-жыттығу кезінде әскери-теңіз флотының 19 әскери қызметшісі қаза тауып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат IRNA-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның Әкери-теңіз күштерінің мәліметінше, жарақат алғандардың жағдайы бірқалыпты. Оқиғадан кейін құтқару жұмыстары басталды, зардап шеккендер эвакуацияланып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Апат Иранның оңтүстігінде (Хормозган оңтүстік провинциясы) Яск портындағы оқу-жаттығу кезінде «Конарак» кемесінде болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Конарак» - Нидерландта жасап шығарылған ұзындығы 47 метр және су сыйымдылығы 40 тоннаны құрайтын кеме. 1988 жылдан бері Иран Әскери-теңіз күштері құрылымында тұр, кеме 2018 жылы жөндеуден өткен.


Соңғы жаңалықтар