Иран америкалық ұшқышсыз аппаратты атып түсірді

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшатын аппаратын атып түсірді. Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави бейсенбіде елдің әуе кеңістігіне басып кіруді айыптайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

Мусавидің мәлімдемесі ИИР сыртқы саяси ведомствосының ресми сайтында жарияланған. Мұның алдында Ислам революциясын қорғаушылар Корпусы осы оқиға бойынша мәлімдемесінде америкалық ұшатын аппарат елдің әуе кеңістігін бұзып кіргенін атап өткен болатын.

«Ұшқышсыз аппарат елдің әуе кеңістігін бұзып кіргені үшін Хормозган провинциясының Парсы шығанағына кірер тұстағы Кухе Мубарак ауданында, жергілікті уақытпен 04:05-те атып түсірілді», - делінген ИРҚК мәлімдемесінде.

Аталған оқиғаға қатысты АҚШ ешқандай ұшқышсыз аппарат Иран әуе кеңістігімен ұшып өтпегенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар