Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілі: Елімізде ДАИШ-қа толық тойтарыс берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта үлкендігі жағынан екінші қала болып есептелетін - Мосул қаласының ДАИШ содырларынан азат етілуіне байланысты Ирак Республикасының Қазақстандағы сенімді өкілі Юнус Салим Сархан БАҚ өкілдерінің басын қосып жиын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

«Біз Ирак халқы жеткен ұлы жеңіс туралы ақпарат беру үшін жиын өткізіп отырмыз», - деген сенімді өкіл Ирак Республикасы үкіметінің мәлімдемесін оқып берді. «Ирактың әр тарабынан келген ержүрек ұлдарымыз жан берісіп, Мосулды қара террордың тырнағынан азат етті. Олардың қаны туған жерінде төгіліп, ирактықтар өздерінің өркениетті ел екенін дәлелдеп берді. Біз әлемнің атынан шайқастық. «Ислам мемлекеті» аталған ұйымға жүзге жуық елден адамдар келіп қосылған. Бәлкім, олар өз қоғамына да қауіп төндіруі мүмкін.

null 

«Qadimun Ya Naynawa» операциясы 9 ай бұрын басталған болатын. Оған Ирак Республикасының Премьер-министрі, ҚК Бас қолбасшысының басшылығымен антитеррорлық күштері, федералдық полиция, халық әскері, Пешмерг әскері жұмылдырылды. Операция кезінде азат етуші әскер содырлар адам қалқаны ретінде қолданған халықтың амандығын басты негізге алды. Мосулдағы жеңіс - барлық ниеттес мемлекеттердің жеңісі», - дейді сенімді өкіл.

Жиын барысында БАҚ өкілдері тарапынан Юнус Салим Сарханға бірқатар сұрақтар қойылды. Ирак Республикасының сенімді өкілінің айтуынша, Ирактың солтүстігіндегі екі қаланы азат ету үшін әлі де қарулы қақтығыстар жүріп жатыр.

null 

«Иракта әскери тұрғыда ДАИШ-тың тамырына балта шабылды деп айтуға болады. Ендігі кезекте Ирак Республикасының үкіметі Мосул қаласын қалпына келтіру жұмыстарын қолға алады», - дейді Юнус Салим Сархан.

Соңғы жаңалықтар