+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:44
Бөлісіңіз:
Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды. ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Райса Шер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аналарың жақында келеді: Ирактан оралған сәбилерді тәрбиешілер қалай жұбатады Министрлік Ирактан оралған сәбилердің қазіргі жағдайы туралы айтты Ирактан оралған балаларды тезірек туыстарына тапсыруға тырысамыз – БҒМ

Айта кетерлігі, Райса Шер Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында Ирактан жеткізілген балалардың жай-күйін БАҚ өкілдеріне таныстырған болатын.

Таныстыру барысында тілшілердің сауалына орай ол тұл жетім саналған бір баланың туысы табылғандығын атап өтті.

Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы Данияр Байбеков ол баланың әжесі екендігін нақтылады.

«Оның әжесі бар және Қазақстанда жүргізілген геномдық сараптама туыстығын дәлелдеді. Әйел аталған баланың биологиялық әжесі саналады», - деді Д.Байбеков.

Ирактан жеткізілген 14 бала әлеуметтендіріліп, оңалтудан өтіп жатқан мекеме қазіргі уақытта карантинге жабылған. Себебі балалардың біріннен жұқпалы ауру табылған.

«Балалар осы жерге жеткізілгеннен кейін 15 медицина маманы оларды жұқпалы ауруларға тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта карантин жарияланған. Себебі бір бала скарлатинамен ауырған және ол қазіргі уақытта медицина мекемесінде жатыр», - деді Райса Шер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT