Иракта ауыз судан уланған адамдар саны 110 мыңнан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Басра провинциясында сапасыз ауызсудан уланғандар саны 111 мыңға жетті. Бұл туралы дүйсенбіде БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС Al Baghdadia порталына сілтеме жасап.

Уланғандар арасында Еуропа одағының Ирактағы елшісі Рамон Блекула да бар. Бұған дейін зардап шеккендер саны 95 мың айналасында деген хабар тараған болатын.

Тамыз айының басында Ирак оңтүстігінде орналасқан, халқы тығыз орналасқан ірі қалаларының бірі - Басрада ауызсу тапшылығы, электр қуатын таратуда ақаулар байқалған. Мұның арты ел оңтүстігіндегі тұрғындардың жаппай наразылығына әкеп соқтырған.

Осыған байланысты шұғыл шақырылған парламент отырысынан еш нәтиже болмаған. Артынша премьер-министр Хейдар аль-Абади парламент өкілдерін ел оңтүстігіндегі жағдайды саяси мақсаттарына пайдаланды деп айыптады.

Соңғы жаңалықтар